18:13, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
«Маңғыстауда еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті - Ақтау
АҚТАУ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы аясында «Маңғыстауда еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш департаментке сілтеме жасап.Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат - «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасын іске асыруда азаматтық құқықтар мен міндеттерді орындауға қабілетті, әрі жауапты тұлғаларды қалыптастыру үшін балалар мен жастардың әрекетшіл ортасын құру. Аталмыш шараға облыстағы колледждердің қызметкерлері, «Арман» жастар орталығы, балалар мен жастар арасында жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Азаматтық Альянс», «Ұрпақ Некс» бірлестіктерінің жетекшілері қатысты. Басқосуда балалар құқықтарын қорғау департаменті бөлімі бастығының міндетін атқарушы Г.Жарылғасынова «Еріктілер қозғалысын дамыту жолдары», гуманитарлық колледж оқытушысы С.Сармалаева «Еріктілер қозғалысының даму тәжірибесі», Маңғыстау облысының «Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Ж.Маханбетова «Қоғамның әлеуметтенуіндегі еріктілер қозғалысының рөлі» тақырыбында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.