11:30, 24 Қараша 2018 | GMT +5
Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысып, бір адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтау - Жетібай» күре жолында автомобиль түйемен соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бейресми дереккөздерге сүйенсек, зардап шеккен жолаушылар Жетібай аудандық ауруханасына жатқызылған.
Апат 21 қараша күні түнде болған.
Toyota Hiace автомобилі түйемен соқтығысып, апат салдарынан 1999 жылы туған жігіт қаза тапқан.
«Зардап шеккен ер адам мен әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Ер адам медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін, ауруханаға жатудан бас тартты. Ал әйел Маңғыстау облыстық ауруханасына жіберілді», - дейді куәгерлер.
фото: www.lada.kz