15:10, 23 Қазан 2015 | GMT +5
Маңғыстауда жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлады Лада.кз.
Жол апаты Ақтау - Форт-Шевченко күре жолында орын алды. Облыс кәсіпорындарының бірінде күзетші болып қызмет атқаратын 48 жастағы жүргізуші солға бұрылып жатқан кезде, қарсы жолда 49 жастағы Форт-Шевченко басқарып келе жатқан Lada көлігінің жолын кескен, деп хабарлады полициядан.
Апат салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі алынған жарақатының ауырлығынан ауруханада жан тапсырды. Ер адамның жүргізушілік куәлігі болмағандығы анықталды.
Lada көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Оның жолаушысы 42 жастағы әйел иығы сынып және басқа да сынықтармен ауруханаға жатқызылды. Түпқараған ауданы Баутино кентінің 44 жастағы тұрғыны да осындай жарақатпен ауруханаға жатқызылды.