21:12, 12 Наурыз 2017 | GMT +5
Маңғыстауда жол талғамайтын көлік жеңіл көлікпен соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жол талғамайтын көлік Жаңаөзен қаласынан шыға берісте жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол-көлік апаты кеше11 наурыз күні болды, деп хабарлады бүгін lada.kz.

Оқиғаның куәгерлерінің сөздерінше, Lexus 570 жол талғамайтын көлігі Geely маркілі көлігімен соқтығысты. Екі көліктің де жүргізушілері Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді.
Жаңаөзен қалалың ауруханасы мамандарының айтуынша, Geely көлігінің жүргізушісі бассүйегінен зақым алып, миы шайқалған. Бастың шеке тұсына қатты соққы тиген. Ол дене жарақаттарын емдеу бөлімінде ем алуда. Жол талғамайтын көліктің сол аяғының тізе тұсына зақым келген. Ол ауруханада ем алудан бас тартты.
Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.