Маңғыстаудың ірі инвесторларды қабылдауға мүмкіндігі мол - Маңғыстау облысының әкімі

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі өтіп жатқан «Мұнай және Газ, Инфрақұрылым-2009» көрмесінде Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, бұл өңірде ірі оффшорлық жобалардың іске асуы үшін шетелдік инвесторлардың маңызы өте зор. Қазақстандық үлесті қамтамасыз ете отырып, Маңғыстау территориясында өз кәсіпорындарын ашуға ниет білдіретін мұнай-газ нарығының әлемдегі көшбасшылары болып табылатын инвесторларға жағдай толық жасалады деуге негіз бар.
Мұнай-газ саласының әлемдік көшбасшылары болып табылатын шетелдік компаниялар Қазақстан үшін маңызды жобаларға қатысуға мүдделі.
«Мұнай-газ саласының компаниялары өңірлік инфрақұрылымды дамытуға қатысса «Ақтау Сити» қаласында тұруына, «Кендірлі» демалыс аймағында демалуына, «Каспий Энергетикалық Хабінің»сервистік технологиялық қызметін пайдалануына, Каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университетінде кадрлар дайындауына толық мүмкіндігі бар», деді Маңғыстау облысының әкімі Қ. Көшербаев.