19:31, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Маңғыстаудың Приозерный ауылында 4 жасар сәбиді автокөлік қағып кетті
АҚТАУ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Приозерный ауылында 4 жасар сәбиді автокөлік қағып кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сәби оқиға болған жерде бірден жантәсілім болды. Приозерный ауылындағы «Азия» мейрамханасының жанында болған қайғылы оқиғада сәбидің аталмыш мейрамханаға ата-әжесімен тойға келгендігі анықталды.
Өз бетімен жолдан өтемін деп жүгірген баланы автокөлік иесі байқағанымен, дер кезінде тежегішті басып үлгермеген.
Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қалада автокөліктер саны күннен күнге көбейе түсуіне байланысты биылғы жылы жол апатынан жас балалардың қайтыс болуы оқиғалары көп тіркеліп отыр.