Маңғыстаулық үздік спортшылар мен жаттықтырушылар облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды

АҚТАУ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Маңғыстаулық үздік спортшылар мен жаттықтырушылар облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары жетістікке жеткен өңір спортшылары мен жаттықтырушыларына әкімнің алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Маңғыстаулық үздік спортшылар қатарында жүзуден Қазақстан Республикасының спорт шебері Эллина Байділдинова бар. Ол осы жылы Токиода өткен ойындардан жеңіспен оралып,  жүзу спортынан 3 алтын медальға қол жеткізген.

Сонымен қатар,  отырып ойнайтын волейболдан Иранда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Бауыржан Оразалиев  мен Нұрлан  Нұрбаевқа  арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Ауыр атлетикадан және каратэ-до, бокстан ҚР спорт шеберлері «Олимпиада үміті» аталымы бойынша марапатталды.

 Сондай-ақ мүгедектер  спорт клубының жаттықтырушысы Елена Барышеваға, отырып ойнайтын волейболдан ҚР аға жаттықтырушысы Нұралы Қылышов , мүгедектер спортының Маңғыстау облысы бойынша аға жаттықтырушысы Азон  Шаймерденовке үздік жаттықтырушы ретінде алғыс хаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар