Марат Ахметжанов: Күдіктіге қыздың орнына мен қалайын деп едім, көнбеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер минитсрі Марат Ахметжанов елордадағы Kaspi bank бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған күдіктіге қыздың орнына өзін ұстауды ұсынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Келіссөзге барғанда сізді кепілдікке алады деп ойлаған жоқсыз ба?», - деп сұрады журналист Үкімет кулуарында.

Министр ондай қорқыныш болмағанын айтты.

«Жоқ, мен өзім бардым. Өзім айттым, «қызды босатып, мен қалайын» дедім. Бірақ ол көнбеді оған», - деді Марат Ахметжанов.

Cондай-ақ, Ішкі істер министрі Kaspi bank қызметкерін кепілге алған күдіктімен қалай келіссөз жүргізгенін айтты.

«Мен қазір мән-жайды айта алмаймын. Өйткені тергеу жүріп жатыр. Кездесуі кездестім енді. Өзім алдын ала телефонмен сөйлестім. Сосын кіріп, кепілдікке алған азаматшаны босатуын сұрадым. Өйткені ол апасымен сөйлесті. Сол кезде енді ондайға көнбегесін жаңағы арнайы жасақтардың жұмысы басталды», - деді ол.

Марат Ахметжанов Kaspi bank-тегі арнайы операцияны «қойылым» дегендерге жауап берді.

«Ондай әңгіме жоқ. Ол өтірік, жалған әңгіме. Иммиджді ондай жұмыстармен емес, басқа жұмыстармен көтеруге болады», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар