Марат Бисенғалиев Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігінде кездесу өткізді

МИНСК. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Минкіде, Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігінде Қазақстанның өнер қайраткері,
None
None

халықаралық конкурстардың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, «онжылдықтың музыкалық символы» Марат Бисенғалиевпен кездесу өтті.

Елшілік ұжымымен болған жүздесу өте тартымды болды. М.Бисенғалиев дипломаттарға өзінің шығармашылық жоспарлары туралы әңгімелеп берді және ықыластары үшін жиналған қауымға ризашылығын білдірді. «Ықыластарыңызға ризамын және бүгін сіздермен әңгімелесу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Әдетте концерттен кейін дереу ұшып кететінмін»,- деді музыкант өз сөзінде.

Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшісі Анатолий Смирнов өз кезегінде, бір күн бұрын берген концерті үшін М.Бисенғалиевке алғыс білдірді және орындаушының шеберлігін ерекше атап көрсетті.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту аясында Қазақстан елшілігі Минскідегі Беларусь мемлекеттік филармониясының үлкен концерт залында Марат Бисенғалиевтің концертін ұйымдастырды.

Қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиевтің шығармашылық өмірі кең музыкалық қауымдастықтың назарын өзіне әркез аударып отыр. Оның шетелдік гастрольдерінің жағрапиясының ауқымы кең. Ол Батыс және Шығыс Еуропаның, Азия, Австралия, Жаңа Зеландия мен АҚШ-тың отыз бестен астам елдерінде болған.

2010 жылы М.Бисенғалиев тәуелсіз сауалнама бойынша Қазақстанның «Онжылдықтың музыкалық символы» болып таңдалды.

Соңғы жаңалықтар