21:17, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Марат Тәжин Еуроодақ делегациясымен екіжақты келіссөздер жүргізді
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Осы жылғы мамырдың 30-ында Душанбеде Орталық Азия мен «Үштік» елдерінің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысу ауқымында, Қазақстан Сыртқы істер министрі Марат Тәжин
Чехияның ? Я. Когоут (ЕО-ға төрағалық етуші ел) және Швецияның ? К.Бильдт (ЕО-ға осы жылдың екінші жартысынан бастап төрағалық ететін ел) бастаған сыртқы саясат ведомствосының басшыларынан тұратын Еуроодақтың кеңейтілген құрамдағы делегациясымен, сондай-ақ Орталық Азия бойынша ЕО арнайы өкілі П.Морельмен және Еуропалық комиссияның сыртқы байланыс жөніндегі бас директордың жетекші орынбасары Ю.Мингареллимен екіжақты келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Тараптар ҚР-ЕО ынтымақтастығының кезекті кеңесіне әзірлігін қоса есептегенде, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың қазіргі және келешектегі қатынастары жайын талқылады.Қазақстандық делегация басшысы қол жеткізілген жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылға сәйкес, ҚР мен ЕО арасындағы жасалған жаңа базалық келісімді қоса айтқанда, келісімдік-құқықтық базалық қатынастарды бұдан әрі дамыту, сонымен қатар Болон үрдісіне біздің елімізді де қосу мақсатында Еуроодақтың бірқатар конвенцияларына Қазақстанның қосылуына ЕО ықпалы қажет екендігін атап өтті. Тараптар ҚР мен ЕО арасында адам құқығы жөніндегі құрылымдық диалогтың маңыздылығын атап өтті, келіссөздер барысында сот құқығы, ішкі саясат және адам құқығы жөнінде төрт отырыс өткізілді.Бұдан басқа, 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығындағы Қазақстанның басым мүмкіндіктері, энергетикалық диалог, ҚР-ның ДСҰ-ға өтуі жөніндегі келіссөздер үрдісінің аяқталуы, сондай-ақ аймақтық өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасулар болды.Сол күні қазақстандық дипломатты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қабылдап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.