19:13, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Марихуана сатқан адам бес жылға бас бостандығынан айырылды
АҚТӨБЕ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Мұғалжар аудандық сотының шешімі бойынша марихуана сатқан 53 жастағы ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақтөбе стансысындағы желілі ішкі істер бөлімі хабардар еткендей ағымдағы жылдың басында Қандыағаш стансысындағы желілі ішкі істер бөліміне анонимді түрде Қандығаш қаласының тұрғыны марихуана сатумен айналысады деген ақпар келіп түскен.
Жергілікті тұрғындар үшін ол Витя ағай деген атпен белгілі болған. Оның үйін тінту барысында полиция қызметкерлері марихуна салынған бірнеше сіріңке қораптарын тапқан. «Витя ағай» есірткіні өзін үлкендермен байланыс жасаудан аулақ ұстап, тек жастарға сатып отырған.