Мария Кристина Руссо: Қазақстан ЕО-ға ірі энергиялық ресурс жеткізушісіне айналып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Комиссияның зерттеулер және инновациялар бойынша Бас директоратының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Мария Кристина Руссо Еуроодақ пен Қазақстанның арасында энергетика және энергияның жаңартылмалы көздері саласындағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасу мақсатында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьникпен кездесті.
None
None

Бұл туралы ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінен хабарлады.

«Менің сапарымның негізгі мақсаты - Еуропалық одақтың серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетіп, біздің Қазақстанмен жемісті қатынастарымызды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және инновациялық өзара ықпалдастық рөлін, атап айтқанда, энергетика саласында, болашақта сындарлы қатынастарды құрудағы рөлін айқындау», - деді Мария Кристина Руссо. Сонымен бірге Қазақстанның ЕО үшін энергиялық ресурстардың ірі жеткізушісі ретіндегі рөлі өсіп келеді. Қазақстан ЕО-ның мұнайға деген сұранысының шамамен 5-6 пайызын және уранға 21 пайыздан астам сұранысын қамтамасыз етуде.

Сапар аясында Еурокомиссияның өкілі сондай-ақ IncoNet Орталық Азия қызығушылық танытқан тараптарының «ЕО мен Орталық Азияның энергетикалық зерттеулер және инновациялар саласындағы ынтымақтастығы» атты 2-ші конференциясына, сондай-ақ «Еуропалық одақ - Қазақстан: ынтымақтастық арқылы инновациялар» семинарына қатысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Еурокомиссияның өкілі 1-2 қазан күндері Астанаға сапар жасады. Мария Кристина Руссо Қазақстанның ресми тұлғаларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, оның ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тәкір Балықбаевпен кездесулері өтті.

Соңғы жаңалықтар