Марокко Қ.Тоқаевты ресми сапармен келуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Мароккоға ресми сапармен келуге шақыру алды. Бұл туралы бүгін Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Аш-Шейх Биядилла ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен кейін БАҚ өкілдеріне мәлім етті.
None
None

Мұхаммед Аш-Шейх Биядилланың атап өтуінше, Қ.Тоқаевпен кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жаңа бағыттары да қарастырылды. Әсіресе, екі елдің ауыл шаруашылығы мен балама энергия саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіншіліктері мол.

«Екі елдің Парламенттері арасында да тікелей достық қарым-қатынастар орнату мәселесін талқыладық. Мен Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасын Марокко Корольдігіне ресми сапармен келуге шақырдым», - деді Марокко Парламенті Кеңесшілер палатасының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар