19:35, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
Мартөк ауданында ішімдікке салынған күйеуін өлтірген төрт баланың анасы 5 жылға сотталды
АҚТӨБЕ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Мартөк ауданында әйелі ішімдікке құмарлығы үшін күйеуін өлтірді. Аудандық сотта ҚР ҚК 103-бабы 3-бөлімі - Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық істі қарастырды.

2013 жылғы қаңтарда 43 жасар еркек өз үйіне мас күйінде келген. Ол әйелінен араққа ақша сұраған, әйелі бас тартқан соң ер адам оны бетінен салып қалып, сыртқа шығып кетеді. Әйелі күйеуінің маскүнемдігін тоқтату үшін қолына үстелдің аяғын алып, күйеуінің соңынан атып шыққан. Күйеуін көшеде қуып жетіп, әйел оны басынан ағаш аяқпен бір ұрып, бас сүйегін жарып жіберген. Еркек жерге құлап, жантәсілім етті.
Сот сотталушының төрт баласының бар екендігін (олардың ең кішісі - 6 жаста) назарға ала отырып, ҚР ҚК 1-бөлімі 72-бабына сәйкес үкімді орындауды 5 жылға кейінге шегерумен әйелді 5 жылға бас бостандығынан айыруды ұйғарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым берілуі мүмкін.