Мары түркі әлемінің 2015 жылғы Мәдени астанасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ТҮРКСОЙ Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Тұрақты Кеңесінің XXXII отырысы барысында түрік әлемінің 2015 жылғы мәдени астанасы сайланды.
None
None

Түркіменстанның Мары қаласы келесі жылғы ТҮРКСОЙ астанасы болды, деп хабарлады ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Мары қаласы Түркіменстанның оңтүстігінде орналасқан, көне қала Мерв құрметіне аталған. Көлемі бойынша мемлекеттің төртінші қаласы Марый велаятының орталығы болып табылады.

Мары ЮНЕСКО халықаралық ұйымының бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне кіретіндігін айта кеткен жөн. Қаладан шығысқа қарай 30 шақырым жерде, Байрам-Али қаласының солтүстік шекарасына таман көне Мерв қаласының археологиялық және архитектуралық ескерткіштері, соның ішінде Гяур-Қала (III ғ.), Үлкен және Кіші Қыз-Қала, Сұлтан-Қала, Эсхаб ағайындыларының зираттары (XV ғ.), Эрк-Қала қорғаны, Мұхаммед-ибн-Зейд кесенесі, сондай-ақ бұл жердің ең әйгілі ескерткіші - Санджар селжұқ Сұлтанының кесенесі (XI ғ.) орналасқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар бұл жердегі археологиялық ізденіс жұмыстарын әлі күнге дейін жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар