Машина жасау өндірісінде өнеркәсіп және инвестиция көлемі екі есе өсті -ҚДБ

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын (ҮИИДБ) іске асырғаннан бері машина жасау саласында еңбек өнімділігі 52% артты. Мұндай деректерді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның сараптау тобы хабарлады.
None
None

Автотранспорттық және темір жол бөлшектерді құрастыру кәсіпорындары ең үлкен өсу мөлшерін көрсетті. 2011 жылдың жартысында, машина жасау өнеркәсібінде өндіру және инвестиция көлемі жиырма бес пайызға көбейіп, 209 млрд.-тан астам теңгені құрады.

Қарқынды өсу серпініне қарамастан, машина жасау саласының рөлі Қазақстанның экономикасында шамалы. Жалпы өнеркәсіп өндірісінде машина жасау саласының үлесі 2,8% құрайды. Қазақстанның Даму банкі сарапшыларының пікірі бойынша, шетелдік жетекші машина жасаушы өнеркәсіпшілерге компоненттер мен тораптарды шығару отандық компаниялар үшін болашағы мол экспорттық бағыттардың бірі бола алады.

«Халықаралық өндірістік тізбекшесіне іліккен отандық компаниялар ұтыста қалады. Мұндай ұтыстың артықшылығы келісім-шарттарда ғана емес, сонымен қатар, өндіріс көшбасшылардың технологиялық білімін алуда. Ал бұл қазақстандық компаниялардың бәсекелесу қабілетін арттырады», - деп мәлімдеді «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ индустриялық саясат департаментінің директоры Сабит Суханов.

Бүгін де «Alstom», «Georgsmarienhütte», «General Electric», «John Deere» сияқты шетел машина жасау компаниялары Қазақстанға ерекше қызығушылық білдіріп отыр. Бұған еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы, ҮИИДБ шеңберіндегі ынталандыру жұмыстары, мол шикізат базасы және ыңғайлы болып саналатын Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы өз ықпалын тигізеді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2001 жылы құрылды. Банк қызметінің басты бағыттары мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өндеу өнеркісібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестиция тарту.

Соңғы жаңалықтар