Мәскеу драма театрының Алматыдағы гастрольдік сапары аяқталды

3 мамырдан бері Алматы жұртшылығына өз өнерлерін көрсеткен театр ұжымы бүгін гастрольдік сапарларының аяқталуына орай БАҚ өкілдерімен кездесті.
«Алматы жұртшылығы спектакльдерімізді өте жылы қабылдады. Маған көрермендердің ықыласы ерекше ұнады. Егер шақырту болып жатса алдағы уақытта да Алматыда ыстық ықыласпен келуге дайынмын»,-деді әйгілі актердің өзі. Ол сондай-ақ гастрольдік сапар Қазақстан Президентінің тікелей тапсырмасымен жүзеге асқандығын атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. «Маған Қазақстан халқы мен көшбасшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаев қатты ұнайды. 3-7 мамыр аралығында өткен гастрольдік сапар үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіремін»,- деді А.Джигерханян.
Естеріңізге сала кетейік, әйгілі актер Армен Джигерханянның жетекшілігіндегі театр Алматыға ҚР Мәдениет министрлігі, «Қазақстан халықтарының рухани дамуы қоры» АҚ-ның шақыртуымен мамырдың 3 күні келген болатын. 3,4,5 мамыр күндері М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Ромео мен Джульетта», кеше «Шахрезаданың 1001 түні» атты спектакальдерін қойды. Бүгін гастрольдік сапарларының түйіні Шахрезаданың 1001 түнімен аяқталады.