Мәскеу көрермендеріне «Астана - жүрегім менің» киноальманағы көрсетілді

Картина «Париж, мен сені сүйемін», «Нью-Йорк мен сені сүйемін», «Мәскеу, мен сені сүйемін» деген сияқты әлемдік киноновеллалар сериясына жатады.
Киноальманах сюжеті Астананың жарқын да серпінді дамуы жағдайында достық, махаббат ахуалына, оның кешегі мен ертеңіне кез жіберуге мүмкіндік береді.
Жобаның продюсерлері атақты ресейлік режиссерлер Егор Кончаловский мен Алексей Голубев.
Жоба режиссерлері - Егор Кончаловский, Рүстем Әбдірашев, Алексей Голубев, Джулия Гани, Эля Гильман, Сергей Дебижев, Фархат Шәріпов, Жасұлан Пошанов, Рашид Сүлейменов, Айдар Баталов.
«Мен үшін Қазақстан жақын ел», - деді Е.Кончаловский.
«Қазақстанда елорда салуда бұрын-соңды болмаған секіріс жасалды. Бұл шынында да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырған тамаша құрылыс», - деп Астана туралы өз әсерімен бөлісті Е.Кончаловский.
«Астана көпұлтты мемлекетті біріктірген жаңа қазақстандық символ, Астана Қазақстанның жаңа жетістігі және сол үшін оның Президентіне қандай құрмет көрсетсек те жарасады», - деп атап өтті ол.
Ресейлік режиссер жаңа жобаның қалай туындағанын да айтты. «Ол кезде қаланы менің өте жақын жолдасым Иманғали Тасмағамбетов басқарды. Ол менің «Мәскеу, мен сені сүйемін» деген фильмімді көрді. Сол кезде екеумізге Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына осындай дүние жасайық деген ой келді», - деді ол.
Мен өз новелламмен Ресей мен Қазақстан халықтары ұзақ уақыт бойы, әрқашан да бірге өмір сүрсін дегенді айтқым келді, мен оған өзімнің туысқандық сүйіспеншілігімді қостым», - деді А.Голубев.