23:49, 31 Қазан 2015 | GMT +5
Мәскеуде 3 қарашада ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ жоғары әкімшілік лауазымды тұлғаларының кездесуі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қарашада Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) және Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) жоғары әкімшілік лауазымды тұлғаларының кездесуі өтеді.
ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге Атқарушы комитет төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Леведовтің, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжаның, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцевтің қатысуы жоспарлануда.
«Кездесу барысында тараптар аталған ұйымдар қызметінің басымдықты бағыттары туралы ақпараттармен алмасып, халықаралық саясаттың көкейкесті мәселелері бойынша пікірлерімен бөліседі.