Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қоры Кеңесінің мәжілісінде инвестициялар берудің реті бекітілді

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қоры Кеңесінің кезекті үшінші мәжілісі өтті.
None
None

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мәжілісте Дағдарысқа қарсы қор қаражаты есебінен инвестициялық қаржыландырудың реті, Қордың уақытша еркін қаражатын орналастырудың реті, қатысушы мемлекеттердің Қор қаражатына қолжетімділігінің индикативтік лимиттері, Қор қаражаттарымен операциялар жасау мақсатында корреспондент-банктерді іріктеудің көрсеткіштері белгіленді.

Қор Кеңесі сондай-ақ несие алу үшін Қордың Хатшылығына берілген қатысушы елдердің өтінімдерін де назарға қабылдады. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасынан 160 миллион доллар көлемінде қаржылық несиеге өтініш түсіп отыр. Еуразиялық даму банкіне берілген Қор Кеңесінің тапсырмасы бойынша, бұл өтінім Қор Кеңесінің 2010 жылы қаңтардың 21-інде өткен екінші мәжілісінде бекітілген ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорынан қаржылай несиелер беру ретінің талаптарына сәйкес қаралатын болады. Оған қоса, Еуразиялық Даму банкіне Қор Кеңесінің келесі отырысына банктің 2010 жылға шығыстар сметасының жобасын дайындау міндеттеліп отыр. Кеңестің төртінші отырысы сәуір айында Мәскеуде өтеді.

Мандардың айтуынша, ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қоры ықпалдастық қарым-қатынасты дамытуда маңызды рөл атқаратын болады. Қор ұлттық экономикалардың әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың теріс салдарын еңсеру мақсатында құрылған және экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қорға қатысушы мемлекеттер экономикаларының ықпалдасуын одан әрі тереңдетуге жәрдемдесетін болады. Қор құралдарын басқару қызметін Еуразия даму банкі жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар