Мәскеуде Иранның ядролық бағдарламасы бойынша алматылық келіссөздер кезеңінің қорытындысына арналған «дөңгелек үстел» өтті

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде 26-27 ақпан күндері Алматыда өткен Иран мен халықаралық араағайындық «алтылығының» арасындағы ядролық мәселелер бойынша келіссөздер қорытындысына арналған «дөңгелек үстел» өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға РФ Мемлекеттік думасының депутаттары, ресейлік саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері, ядролық қаруды таратпау саласының сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ мен НАТО-ның өкілдері қатысты.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Оразбақовтың атап өтуінше, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді атомдық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстанда өткізу жөніндегі шешім біздің ядролық қаруды таратпау саласындағы күш-жігеріміз бен бастамаларымызды мойындау болып табылады.

РФ Мемлекеттік думасының депутаты Максим Шингаркин өткен конструктивті диалогтың ерекшелігін атап өтіп, соның барысында қатысушылар ирандық ядролық мәселеге қатысты өз қөзқарастарын білдіргеніне тоқталып кетті. Депутаттың пікірінше, Қазақстан келіссөз алаңын ұсынып қана қоймай, ядролық қаруды таратпау саласында бірізділік пен жүйелі позициясын көрсетіп келеді. «Ядролық клуб» журналының бас редакторы Антон Хлопков атап өткендей, келіссөздер үшін өз аумағын ұсынуы арқылы Қазақстан оларға қатысушылар арасында сенім шараларын жасауға септігін тигізеді.

«Дөңгелек үстел» аясында мамандар Қазақстанда Иран, Ресей, АҚШ-тың және басқа да мүдделі қатысушылардың жетекші мамандарын тартып, аталмыш мәселе бойынша арнайы халықаралық конференцияны тұрақты негізде өткізудің перспективаларын талқылады.

Соңғы жаңалықтар