Мәскеуде қазақ әндерінің фестиваль-байқауы өтті
![None None](/static/img/plug.webp)
Ұйымдастырушылар атап өткендей, шараның мақсаты - Ресей мен Қазақстан жастарының байланыста болуы, дарынды жастарды анықтау.
Қазылар алқасының құрамына ҚР еңбегі сіңген қайраткер, «А-Студио» тобының негізін қалаған продюсер Байғали Серкебаев, ҚазКСР мәдениет қайраткері, әнші, халықаралық байқаулардың лауреаты Татьяна Полтавская, «Муз-ТВ» Ресейдің ұлттық музыкалық арнасының бас директоры Арман Давлетьяров және т.б. Ресей мен Қазақстанның музыка әлеміндегі белгілі қайраткерлері кірді.
Қазылар алқасының шешімімен «Алтын күз - 2014» байқауында 1 орынға - Айжан Нусувалиева (Қырғызстан), 2 орынға - Ерлан Түленов (Қазақстан), 3 орынға - Индира Мамбетова (Қазақстан) ие болды. Саян Дашанимаев (Бурятия) көрермендер көзайымына айналды.
«Алтын күз - 2014» байқауы РФ-дағы ҚР Елшілігінің, Мәскеудегі аймақаралық ынтымақтастық, ұлттық саясат және діни ұйымдармен байланыс департаментінің қолдауымен, сонымен қатар «Московский дом национальностей» Мәскеудің мемлекеттік бюджеттік мекемесі және МИСиС ҰЗТУ мәдениет және жастар саясаты басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.