15:26, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Мәскеуде «Қазақстанның инвестициялық ахуалы» атты конференция өтіп жатыр
МӘСКЕУ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеуде республика экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды ынталандыру мәселелері бойынша «Қазақстанның инвестициялық ахуалы» атты конференция ашылды.

Іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдарының, ҚР ұлттық компаниялары мен даму институттарының, сонымен қатар ресейлік компаниялар мен өнәркәсіптік бірлестіктердің өкілдері қатысуда.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры Бауыржан Тортаев атап өткендей, шараның мақсаты - әлеуетті шетелдік әріптестерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінен хабардар ету.
Конференцияны ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Ресейдегі ҚР Сауда өкілдігі «KAZNEX INVEST» АҚ қолдауымен ұйымдастырып отыр.