Мәскеуде Қазақстанның үш облысының инвестициялық жобалары форумы ашылды

СКЕУ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеудің «Националь» қонақүйінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары экспорттық әлеуетінің және инвестициялық жобаларының таныстырылым форумы басталды.
None
None

Қазақстандық тараптан үш облыстың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының басшылары, сондай-ақ ірі аймақтық компаниялардың өкілдері қатысуда. Отандық металлургиялық, кен өндіру, машина жасау кешендері кәсіпорындары, сондай-ақ туризмді дамыту компаниялары өздерінің бизнес-жобаларын ұсынады.

Ресейлік тараптан қатысушылар - бизнес субъектілері, өндіруші кәсіпорындардың, ғылыми және іскерлік топтардың басшылары, Ресей аймақтарының Мәскеудегі тұрақты өкілдіктерінің, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары мен зерттеу институттарының өкілдері қатысуда.

Шарада жалпы отырыс, сондай-ақ нақты салалар бойынша төрт секциялық отырыстар көзделуде. Форумды Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар