Мәскеуде ҚР Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Парламенттік ынтымақтастық топтарының бесінші отырысы болды

None
None
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Парламенттік ынтымақтастық топтарының бесінші отырысы болды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияны ынтымақтастық тобының қазақстандық жағының тең төрағасы, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов басшылық етті.

Отырыста білім беру және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында дәрігерлік мақсаттағы тауарларды заңдастыруда үйлесімді саясат әзірлеу мәселелері талқылаудың басты тақырыбы болды.

Отырыста сөз алған Ресейдің білім және ғылым, өнеркәсіп және сауда министрліктерінің өкілдері жоғары технология мен ғылыми ауқымды жобаларды өндіріске енгізуге бағытталған бірлескен шаралар туралы қатысушыларды хабардар етті.

Сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында дәрігерлік мақсаттағы тауарларды заңдастыру саласында үйлесімді саясат жүргізу туралы ақпарат депуттардың назарына ұсынылды.

Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салалары бойынша ұлттық заңнамаларды жетілдіру және біріздендіру жөніндегі ұсыныстарды ескере отырып, отырыста тиісті ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Парламенттік ынтымақтастық топтарының кезекті отырысын 2012 жылдың екінші жарты жылдығында Қазақстанда өткізу жоспарланды.

Бұл ынтымақтастық топтары Қазақстан мен Ресей Парламенттері жоғарғы палаталарының шешімімен 2007 жылы құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар