Мәскеуде өткен ІІІ Халықаралық математикалық конкурста қазақстандық оқушылардың жобалары алтын медальдармен атап өтілді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат – Мәскеуде өткен «Математика және жобалау» ІІІ халықаралық конкурсында қазақстандық оқушылардың командасы үш алтын, екі күміс және жеті қола медаль жеңіп алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығына сілтеме жасап. Қазақстандық оқушылар төрт секцияда өз жобаларын таныстырды. «Ғылым және математика» секциясында алматылық Абзал Мұқашев абсолюттік жеңімпаз атанса, елордалық Айбек Ахмет пен Думан Жампейіс қола медальдар иеленді.Ал «Геометриялық миниатюралар» секциясына қатысқан астаналық оқушылар ? Айдын Қасымбеков пен Абылай Тайгөков екі күміс медальды, Мағжан Райымбеков пен Медет Байкенов - екі қола жүлдені қанжығаларына байлады. «Математика тарихы» секциясында павлодарлық Рүстем Мусин мен Елдар Айтжанов - екі алтын медальды жеңіп алса, ақтөбелік оқушылар Бердіхан Сәтенов, Әмір Әбуов және Медет Қоспағамбетовтер «Математика және өнер» секциясында қола медальдарды қанағат тұтты.
Соңғы жаңалықтар