13:13, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Мәскеуде Ресей мен Қазақстан сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтуде
МӘСКЕУ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Мәскеуде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екі елдің делегациялары екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, халықаралық ұйымдар мен ықпалдастық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды, сондай-ақ 2008 жылы желтоқсанның 19-ында Бурабайда өткен басқосуда ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесімен бекітілген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимылдарының 2009-2010 жылдарға арналған жоспарының жүзеге асырылу барысын талқылайды.