Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 45-ші отырысы өтеді
Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
«Бұл жиындардың жұмысына құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік ведомстволардың басшылары бар қазақстандық делегация қатысады», деді министрліктің ресми өкілі.
Оның айтуынша, ТМД Экономикалық кеңесінің 45-ші отырысының күн тәртібінде 16 мәселе қаралмақ. Олардың қатарында Достастыққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы, ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру, агроөнеркәсіп кешені бойынша үкіметаралық кеңестің қызметі және тағы да басқа мәселелер бар.
«Халықаралық экономикалық форумның негізгі мақсаты - ТМД-ның 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру келешегін және Достастық мемлекеттерінің экономикалық ықпалдастығын нығайту жолдарын талқылау», деп қорытындылады өз сөзін А.Әбдірахманов.