Мәскеуде ТМД елдері арасында өткізілген кітап байқауының жеңімпаздары анықталды

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысамғұлов/ - Мәскеуде ТМД қатысушы-мемлекеттері гуманитарлық байланыстар Мемлекетаралық қорының қолдауымен ұйымдастырылған ТМД қатысушы-мемлекеттерінің «Кітап өнері» ҮІІ халықаралық байқауының жеңімпаздары аталды.
None
None

Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, байқауға Әзірбайжан, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина мен Эстония секілді 11 елдің 155 басылымы қатысты.

Халықаралық қазылар алқасы кітаптарды тоғыз аталым бойынша қарастырды, оның жетеуі тұрақты, олар: «Достастық», «Менің елім», «Балалар мен жеткіншектерге арналған кітаптар», «Біздің замандас», «Арт-кітап», «Достастықта басылды», «Гран-При», сонымен қатар Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орайластырылған «Жеңіс» аталымы мен ТМД-дағы ғылым және инновация жылына орайластырылған «Ғылым және өмір» аталымы.

Әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар тапсырылды.

Байқаудың бас жүлдесі - Гран-Приді әзірбайжандық «Тахсил» баспасының кітабы (Чингиз Алиоглының «Рамка» өлеңдер жинағы) мен украиндық «Крион» баспасының («Украина: мыңжылдықтар поэзиясы», «Роксолания: жұмақтан қуылу» және «Отанның түтіні: өзіңе қайта оралу») бірнеше басылымы жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар