Мәскеуде ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтті
Бұл туралы кеше, мамырдың 8-інде Мәскеуде ТМД елдері басшыларының бейресми саммитін ашқан сөзінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ Армения, Беларус, Украина, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан президенттері мен Өзбекстанның премьер-министрі қатысты.
«Бізде өз басымдықтарымыз, оның ішінде ғылыми ынтымақтастық және жоғары технологиялар саласындағы бірлескен іс-қимылдар бар. Біздің елдеріміздің алдында экономикаларды түрлендірудің үлкен міндеті тұр. ТМД алаңы ол үшін өзара іс-қимылдың абсолютті ыңғайлы құралы болып табылады», - деді Д.Медведев өз сөзінде.
Ол сондай-ақ елдеріміздің арасында гуманитарлық ынтымақтастыққа да үлкен маңыз беріліп отырғанын айтып өтті.
Сөз соңында РФ Президенті саммиттің жаңа қатысушысы - Украина Президенті Виктор Януковичке жылы лебізін жеткізіп, Достастықтың барлық елдері ТМД әлеуетін нығайту үшін Украинамен тығыз өзара іс-қимылға барынша әзір екенін атап көрсетті.