Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған әскери парад басталды

ӘСКЕУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Бүгін, мамырдың 9-ы күні Ресей астанасы Мәскеудедегі Қызыл алаңда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған әскери парад басталды.
None
None

Парадты Ресей Президенті Дмитрий Медведевтен бөлек 21 мемлекеттің басшылары мен 3 халықаралық ұйымның жетекшілері тамашалауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Мәскеудегі әскери парадты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Болгария Президенті Георгий Пырванов, Вьетнам Президенті Нгуен Минь Чиет, Германияның Федеральдік канцлері Ангела Меркель, Израиль Президенті Шимон Перес, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао, Латвия Президенті Валдис Затлерс, Македония Президенті Георге Иванов, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Польша Президентінің міндетін атқарушы, Польша Сеймінің маршалы Бронислав Коморовский, Сербия Президенті Борис Тадич, Словакия Президенті Иван Гашпарович, Словения Президенті Данило Тюрк, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Хорватия Президенті Иво Йосипович, Черногория Президенті Филип Вуянович, Чехия Президенті Вацлав Клаус, Эстония Президенті Томас Хендрик Ильвес, Еуропа кеңесінің Бас хатшысы Турбьерн Ягланд, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев тамашалауда.

Қызыл алаңдағы әскери парадты бірінші болып барабаншылар ротасы ашты. Парадқа РФ Қарулы Күштерінің жауынгерлерінен бөлек ТМД-ға қатысушы елдердің әскерлері, атап айтқанда Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларус, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан қарулы күштерінің әскери бөлімдері, сондай-ақ антигитлерлік коалиция бойынша одақтас елдердің әскерлері - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Польша мемлекеттерінің әскери бөлімдері қатысуда. Бұдан кейін әскери техникалардың, тікұшақтар мен ұшақтардың шеруі басталады. Әскери парадқа жалпы саны 10 мыңнан астам адам қатысатын болады. Сонымен қатар Қызыл алаң мен құрғақта жүретін 160-қа жуық әскери техникалар жүріп өтеді. Бұдан бөлек Мәскеу аспанымен 127 тікұшақтар мен ұшақтар ұшып өтеді.

Ресей астанасындағы парадқа Мәскеу әскери округы әскерлерінің басшысы, генерал-полковник Валерий Герасимов басшылық жасауда, ал парадты Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар