Мәскеудегі «Текстильлегпром-2015» көрмесіне қатысушылар қазақстандық өнімдерге зор қызығушылық танытты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - «KAZNEX INVEST» экспорт пен инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ жәрдемдесуімен мата шығаратын бес қазақстандық компания Мәскеуде Бүкілресейлік көрме орталығы базасында өткен «Текстильлегпром-2015» мата және жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен жабдықтарының федералдық 45-ші көтерме жәрмеңкесіне қатысты.
None
None

«Текстильлегпром-2015» компанияларға өз өнімдерін ТМД және алыс шетелдер көтерме және бөлшек сауда өкілдеріне ұсынуға мүмкіндік беретін ірі мамандандырылған халықаралық көрме. Биылғы жылы көрмеге 2500 мата және жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен жабдықтарын өндірушілер өз тауарларын ұсынды.

«KAZNEX INVEST» экспорт пен инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Асқар Арыновтың хабарлауынша, биылғы жылы «KAZNEX INVEST» көрмеге қатысқан бес қазақстандық мата өнеркәсібі кәсіпорындары: «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС (аяқ киім және киім), «ҚазСПО-N» ЖШС (спорттық және тау шаңғысы киімдері), «Сымбат» сән академиясы» ЖШС (әйелдер киімі, мектеп киімі), «South Textiline» ЖШС (жіп, мата), «Балтестиль» ЖШС (кілем өнімдері) стенділерін ұйымдастырды.

«Қазіргі кезде Қазақстанда біздің өнеркәсібімізді және қазақстандық дайын киімдерді шетелге лайықты ұсына алатын өндірушілер бар, деп айта аламыз», - деді ол.

А.Арынов көрме қатысушылары қазақстандық өнімдерге зор қызығушылық танытқанын атап өтті.

«Осындай шаралардың арқасында қазақстандық өнімдер экспорты арта түсіп, қазақстандық брендтер сыртқы нарықта барған сайын танымал бола түседі», - деді ол.

«Бұл көрме бізге өте пайдалы, онда біз өз өнімдерімізді ресейлік нарыққа ұсынумен қатар біздің өнімдерді одан әрі ілгері жылжыту үшін өзімізге пайдалы және тиімді байланыстар орната аламыз. Қазақстандық өнімдерге сұраныс артып отырғанын ризашылықпен атап өткім келеді», - деді «Қазжеңілөнерксіп-Алматы» ЖШС маркетинг бөлімінің бас маманы Айжан Байсалбаева.

«KAZNEX INVEST», АҚ қолдауымен біздің компания өткен жылы да осы көрмеге қатысып, шетелдік әріптестермен келіцсім-шарт жасасқан едік. Ал биыл біздің өнімді қзақстандық брендпен сатуға қызығушылық туындады», - деді «ҚазСПО-N»ЖШС сату бөлімінің жетекшісі Зәуре Құрымбаева. Оның айтуынша, бұған бағаның шамаға келетіні және өнімдердің жоғары сапасы ықпал еткен. Компания Сочидегі Олимпиада, Нанкиндегі Азия ойындары, Инчхондағы жасөспірімдер Олимпиадалық ойындары сияқты ірі халықаралық шараларға спортшылар үшін киім тігіп, көзге түскен.

«Қазақстандық өнімдерге шетелдік компаниялардың ықылас қоюы қуантады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар