Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысуымыз бізді ерекше әсерге бөледі - соғыс және еңбек ардагері Б.Жұмағалиев

ОРАЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысуымыз бізді ерекше әсерге бөледі. Бұл туралы Ресей астанасына Батыс Қазақстаннан барған соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған әскери шеруді үш мыңдай Ұлы Отан соғысының ардагері тамашаласа, соның 32-сі қазақстандық майдангерлер еді. Мұның алдында қазақстандық ардагерлер Мәскеудегі Ұлы Отан соғысы мұражайында болды. Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қойып, жорық жолдарын еске түсірді. Мәскеу түбіндегі атақты Волоколамскіге биыл жауынгерлік даңқ қаласы атағы берілген екен. Шынында да Мәскеуге барар жолды басқыншылардан қазақстандық 316-дивизияның қорғағаны, 28 панфиловшының қаһармандығы көпке белгілі. Осы қалада өткізілген митингіде қазақстандықтар атынан сөйлеген Бисен Жұмағалиев ол ерлердің есімі мәңгі өшпейтіндігін атап өтті. Сол секілді 100-атқыштар бриадасының ерлік іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова да осы бригададан болатын. Соңғы кездегі іздеу жұмыстары нәтижесінде Молодой Туд деревнясы маңында қаза тапқан 68 адамның мүрдесі қайта жерленсе, соның 7-8-і қазақ екен. Небәрі 700-дей адам тұратын аталмыш деревнядағы екінші бауырластар бейітінде де қазақтар бар. Әлі анықталмай жатқаны қаншама. «Осының бәрін көзбен көріп, көңілге тағы да тоқып қайттық. Жеңіске 65 жыл толса да, ерлік ескірмек емес», дейді Б.Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар