Маусым айында Еурокомиссия төрағасы Ж.Баррозу Қазақстанға сапарлайды

БРЮССЕЛЬ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың маусым айының басында Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Қазақстанға келеді. Бұл туралы Брюссельде қазақстандық журналистерге еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков хабарлады.
None
None

«Алдағы уақытта Еурокомиссия төрағасы Ж.Баррозу Қазақстанға сапарлайды. Күн тәртібінде тұрған мәселе - біздің ынтымақтастығымызды дамыту, ілгері жылжыту», - деді А.Волков.

Оның айтуынша, Қазақстанға сапары барысында Еурокомиссия басшысының ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Премьер-Министр Серік Ахметовпен, бірқатар министрліктер мен ведомство басшыларымен кездесуі жоспарланған. Онда өзара екіжақты қызығушылық тудыратын көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар