Маусым айында Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 3095,8 млрд. теңгені құрады
"Өткен айда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 4 аукцион өткізілген. Онда 3,4 млрд. теңгенің 12 айлық МЕККАМ, 15,0 млрд. теңгенің 7 жылдық және 16,9 млрд. теңгенің 15 жылдық МЕУКАМ-дары мен 30 млрд. теңгенің 8 жылдық МЕУЖКАМ-ы орналастырылған", делінген Ұлттық банктің баспасөз мәліметінде.
Бұл бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік: 12 айлық МЕККАМ бойынша - 3,00 пайыз, 7 жылдық МЕУКАМ бойынша - 5,90 пайыз, 15 жылдық МЕУКАМ бойынша - 6,30 пайыз, 8 жылдық МЕУЖКАМ бойынша - инфляция деңгейінен 0,01 пайызды құрады. Алғашқы жартыжылдықтың ақырғы айының соңында Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 3095,8 млрд. теңгені құрап, жыл басынан бері 6,6 пайызға ұлғайды. Ал маусымда Ұлттық Банк ноттарының эмиссиясы жүргізілген жоқ. Соның нәтижесінде айналыстағы ноттардың көлемі маусымның аяғында мамырмен салыстырғанда 43,2 пайызға қысқарып, 44,5 млрд. теңге болды. Оның жыл басынан бергі қысқаруы 76,1 пайызды құрауда.