16:13, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Маусым айында қазақстандықтардың депозиттік салымдары ұлғайды
АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың айтуынша, маусым айында қазақстандықтардың депозиттердегі салымдары 7254,0 миллиард теңгеге дейін 2,7 пайызға өскен.

Бұлардың ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 5266,0 миллиард теңгеге дейін 2,8 пайызға (жыл басынан бергі өсімі - 12,5 пайыз), ал жеке тұлғалардың салымдары 1988,0 милиард теңгеге дейін 2,5 пайызға өскен. (Жыл басынан бергі өсімі - 5,0 пайыз).
Шетел валютасындағы депозиттер 2877,5 миллиард теңгеге дейін 3,9 пайызға, ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 4376,5 млрд. теңгеге дейін 2,0 өскен. Ал теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2010 жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда 60,8 пайыздан 60, 3 пайызға дейін төмендеген. Бас банкир маусым айын депозиттік өсімі өте жоғары ай болды деп бағалады.