16:30, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Маусымда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,6 пайызға төмендеді - Статистика
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 1, өңдеу өнеркәсібінде - 0,1 пайызға төмендеді. Өндірілген өнім 0,7 пайызға арзандаса, өндірістік сипаттағы қызметтер 0,5 пайызға қымбаттады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Өткен айда бағаның металл кендеріне 6, сұйытылған пропан мен бутанға - 5,8, керосинге - 3,4, отындық мазутқа - 2,4, мұнайға - 1, дизельдік отынға - 0,3 пайызға төмендеуі, олардың табиғи газға - 1,3, газ конденсатына - 0,4, көмір және бензинге - 0,2 пайызға жоғарылауы тіркелді.
Бір айда баға асыл металдарға 5,5, өңделмеген алюминийге - 1,5, ферроқорытпаларға - 0,5, қара металдар илегіне - 0,4 пайызға құлдыраса, қорғасынға - 5,5, мысқа - 2,9, мырышқа - 0,5 пайызға өсті.
Жармалар - 3,5, өсімдік майы - 1,6, макарон өнімдері 1,3, бидай ұны - 1, құс еті - 0,3 пайызға төмендесе, мал еті - 1,9, балық және сүт өнімдері - 0,9 пайызға көтерілді.