16:12, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Маусымның 10-ынан бастап Шығыс Қазақстанда электр энергиясының бағасы өседі
СЕМЕЙ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Маусымның 10-ынан бастап Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясының бағасы өседі.
Маусымның бірінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаментінен бағаны бір киловатт-сағатқа 5,493 теңгеге дейін көтеруге (қосымша құн салығын қосқанда 6 теңге 15 тиын) қорытынды алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Шығысэнерготрейд» ЖШС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бағаны көтеруге электр энергиясын сатып алуға шығындардың ұлғаюы, жабдықтау шығындарының өсуі негіз болды. 2009 жылдың шілде-қаңтар айларына электр энергиясын сатып алуға ЖШС жобалық шығындары табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыс бойынша департаментіне ұсынылған тиісті құжаттармен қуатталды.