Мәйітханалар мәселесінде Премьер-Министрдің тапсырмасы орындалмады - Божко

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко еліміздегі сот-сараптамалық нысандардың тапшылығы қылмыстық істерге кері әсер етіп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Барлық құқық қорғау органдары облыстардың көптеген аудандарында сот-медициналық сараптаманың жоқтығына шағымдануда. Бұл өз кезегінде тергеушілерге іс бойынша мәйіт пен материалдарды 200-500 шақырым жердегі сот-сарапшылық бөлімшелерге бағыттауға мәжбүрлейді. Осы орайда қылмыстық істі тергеу мерзімін ұзартып, соның салдарынан іс бойынша жүріп, тіркелген адамдар зардап шегеді», - деп атап өтті В. Божко Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2013 жылы Премьер-Министр бірқатар министрліктерге мәйітханалардағы жағдайды тәртіпке келтіруге тапсырма берді. Өйткені бұл нысандарда адамдар мен сарапшылар моральды әрі қызметтік қиындықтарға тап болуда.

«Астанада халық саны бес есеге артты, ал мәйітхана облыстық тозған деңгейінде қалуда, сондай-ақ Алматыдағы да жағдай мәз емес. Премьер-Министрдің бұл салаға қатысты тапсырмасы орындалмады. Яғни, Қаржы министрлігі қазіргі заманғы мәйітхананың құрылысына қаржы бөлген жоқ, ал ведомстволар мен әкімдіктер  біріне-бірі сілтеп жатыр. Осының салдарынан мәселеге тиісті шешім жасалмады», -дейді ол.

Осы орайда В. Божко бірқатар сот сараптамасын өткізуде құқық қорғау мен сот органдары елеулі қиындықтарды сезініп отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар