«Майқапшағай» - үлкен құрылыстың бастауы - Б.Сапарбаев

ӨСКЕМЕН. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қажетті заманауи инфрақұрылымы болатын «Майқапшағай» жаңа кеден бекеті ғимаратының құрылысы аяқталған соң, мұнда жаңа ауылды тұрғызу жұмыстары жалғастырылатын болады.
None
None

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Зайсан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы 20 жылда көрші ҚХР тұрғындары шекара маңында қала тұрғызса, бізде кедендік бекеттен басқа ештеңе жоқ.

«Майқапшағай» - үлкен құрылыстың бастауы. Егер болашақта бұл жаққа Зыряннан шойын жол тартсақ, Омбы-Майқапшағай негізгі тасжолы да қайта қалпына келтіріледі. Зайсандағы мұнай мен газды белсенді түрде игеретін болсақ, бұл аймақ экономикасының дамуына оң әсерін тигізетін болады», - деп атап өтті өңір басшысы.

Айта кеткен жөн, кеден бекетіндегі құрылыс жұмыстары тәмамдалу үстінде. Бүгінде «Жалғас» ЖШС нысанды жасыл желекпен көмкеру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар