Майндағы Франкфуртта балаларды халықаралық асырап алу мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті
Шараға Қазақстанның білім министрлігінің Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитетінің төрайымы Р.Шер, Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінің консулдық бөлімінің меңгерушісі Ы.Дәуренбек, Майндағы Франкфурт қаласының жастар істері жөніндегі ведомствосының өкілі М.Ватерманн, «Zukunft für Kinder» бірлестігінің Шығыс Еуропа бойынша жетекшісі (Оберхаузен қ.,) В.Зорг, Баден-Баден қаласындағы «Zentrum für Adaptationen e.V.» балаларды асырап алу орталығының төрағасы Б.Рунау, «Familie International Frankfurt e.V.» қоғамының өкілі Ш.Йекель және «Deutsche Welle» радиостансысы мен «Neue Zeiten» журналының тілшілері қатысты.
Балалардың құқығын қорғау комтетінің төрайымы Раиса Шер ханым өз сөзінде жиналған қауымды Қазақстанның Балалардың құқықтарын қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясын бекіткені, сондай-ақ балаларды асырап алу заңнамаларын жетілдіру жөніндегі қабылдап жатқан шаралары жайлы хабардар етті.
Ал Қазақстанның Майндағы Франкфурттағы Бас консулы Бейбіт Атамқұлов бала асырып алу мәселесі бойынша екі елдің мемлекеттің мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылдарының маңыздылығын атап көрсетті. Ол сондай-ақ 10 жасқа толған балаларға болашақ ата-аналарын таңдау құқығын беру мүмкіндігін ұсынды.
Немістің жоғарыда аталған құрылымдарының өкілдері өз жұмыстары, асырап алынған балалар мен олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс тәжірибелері туралы әңгімелеп берді.
«Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар балаларды халықаралық асырап алудың ауқымды мәселелері бойынша пікірлер алмасты. Шара аясында Қазақстаннан бала асырап алған неміс отбасыларымен кездесу болды. Кездесуге келген балаларға Қазақстан тарапы ескерткіш кәдесыйлар табыс етті.