Мажар елі ТүркПА барлық бастамаларын қолдайды - Марта Матрай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажар елі ТүркПА барлық бастамаларына қолдау білдіреді. Бүгін Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеяларының VI пленарлық отырысында сөз сөйлеген Мажарстан Мемлекеттік жиыны Төрағасының орынбасары Марта Матрай осылай мәлімдеді.
None
None

Сөз арасында Мажар елінің өкілі бүгінгі күн күллі түркі әлеміне бірігудің аса қажетті екенін атап өтті. Сонымен қатар, мейман ТүркПА аясындағы барлық арнайы комиссиялар жұмысын жоғары бағалайтынын, өз елінің Парламенті ұйыммен ынтымақтастыққа әзір екенін жеткізді.

«Егер жалпы Мажарстан туралы айтар болсақ, біз ТүркПА бастамаларының барлығына қолдау білдіреміз. Өйткені, бұлар біздің елдеріміздің өзара жақындасуына бағытталған. Ал ұйым аясындағы бастамалар елдеріміздің дамуына, өзара экономикалық, мәдени, ағартушылық және басқа да қатынастарымызды дамытуға септігін тигізбек», - деді М. Матрай.

Еске сала кетейік, Мажарстан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 5-ші жалпы отырысында ұйымның бақылаушысы мәртебесін алған болатын. Ал қазіргі уақытта ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Түркия мүше болып табылады.

Соңғы жаңалықтар