Мәжіліс: 2020 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясының жобасына Көлік және коммуникация министрлігі өз ұсыныстарын берген

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановтың жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясының іске асыру барысы мен дағдарысқа қарсы шаралар туралы» тақырыбында Үкімет сағаты болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов баяндама жасады. Көлік және коммуникация кешені Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2006 жылы бекітілген 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес дамып келеді.Баяндамашының айтуынша, кейінгі жылдары автомобиль жолдарының техникалық жай-күйі жақсара түсті. Бұл сала бойынша қазіргі заманғы материалдар мен технологиялар енгізілуде. Жаңа темір жолдар салынып, бұған дейін бар жолдарға электр желісі қосылуда. Соңғы жылдары бес негізгі әуежай қайта салынды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларындағы әуежайлар жаңа заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізілді. Вагондар, локомотивтер, әуе кемелері, флот бірте-бірте жаңғырып келеді.«Ағымдағы экономикалық жағдайда еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс көлемдері мен жүк экспортының төмендеуіне байланысты көліктің барлық түріндегі жүк тасымалы азайып кетті. Оны бірінші тоқсан қорытындысынан аңғаруға болады. Бұған керісінше жолаушы тасымалдау өсіп келеді. Бұл көлік саласындағы, басқасын айтпағанда, дәл осы тұстағы тарифтік саясаттың әлеуметтік бағыт алғандығын дәлелдейді. Бұл саланың әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары. 2009?2012 жылдары аралығында, одан әрі дағдарыстан кейінгі жылдары көлік саласы ел экономикасы өрлеуінің локомотивтерінің біріне айналуға тиіс. Бұл Үкімет әзірлеп жатқан 2020 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясының жобасына министрліктің берген ұсыныстарында көрініс тауып отыр»,- деді Әбілғазы Құсайынов.
Соңғы жаңалықтар