Мәжіліс банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады

ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Отырыс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Құттықожа Ыдырысовтың айтуынша, заң жобасының мақсаты - банктік қызметті және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша, тәуекелдерді азайтып, банктер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар құжат банктік конгломераттарды олар жүргізетін операциялар мен инвестициялар бөлігінде арттыру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын жетілдіру болып табылады. Отырыс барысында депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар