Мәжіліс депутаттары Алматы облысында жеке сот орындаушыларының қызметімен танысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері 30-31 мамыр күндері Алматы қаласында және Алматы облысы аудандарының жергілікті жердегі жеке сот орындаушыларының қызметімен танысады.
None
None

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлауынша, 31 мамырда республикалық көлемде дөңгелек үстел өткізілмек. Басқосуда жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқыланатын болады. Оның жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет органдарының, құқыққорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері қатысады.

Отырыстың модераторы: Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жетекшісі Нұрлан Әбдіров.

Көшпелі отырысқа Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары С.Бычкова, Б.Дүйсенбинов, С.Имашева, Б.Кесебаева, М.Магеррамов, Н.Микаелян, Қ.Мусин, М.Тінекеев, сондай-ақ әділет министрлігінің өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар