10:40, 30 Қазан 2015 | GMT +5
Мәжіліс депутаттары Әзербайжандағы сайлауға байқаушы ретіндегі миссиясына кірісті
СТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серікжан Қанаев пен Самиғолла Оразов Әзербайжан Республикасындағы парламенттік сайлау науқанына байқаушы ретінде жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Серікжан Қанаев Түркітілдес мемлекеттер (ТүркПА) Парламенттері Ассамблеясының, ал Самиғолла Оразов - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД ПАА) мүше-мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының атынан байқаушы ретіндегі миссиясын жүзеге асыруда. Қазақстандық парламентшілер миссия шеңберінде саяси партиялардың көшбасшыларымен, Орталық сайлау комиссиясының және Әзербайжанның Милли Меджилисінің басшылығымен кездесіп, сонымен қатар сайлау учаскелеріне баратын болады. Еске салайық, Әзербайжанның Милли Меджилисіне кезекті депутаттар сайлауы ағымдағы жылдың 1 қарашасында өтеді.