Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан облысындағы бірқатар оқу орнында болды
Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылатын БҚМУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары тараптар көтерген мәселелерге қатысты жауап берді.
Бұдан кейін депутаттар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жұртшылықпен жүздесті. Құрылғанына биыл жарты ғасыр толғалы отырған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті - материалдық-техникалық базасы бай, кадрлық әлеуеті жоғары, еліміздегі ең беделді білім ордаларының бірі. Оқу орнының барлық жағдайымен танысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары оқытушылар мен студенттер қауымының қатысуымен өткен жиынға қатысты.
Бұдан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінде болып, қазіргі ахуалмен танысты. Мекеме басшысы Бисенбай Жексенов мәжіліс депутаттарын жұмыс барысымен толыққанды таныстырып өтті.