Мәжіліс депутаттары еуропалық әріптестерімен кездесті

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Серікжан Қанаев пен Виктор Рогалев Астанаға келген еуропалық делегация өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Еске сала кетсек, еуропалық делегация Астанаға «Орталық Азия елдерінің тұрғындары және Парламенті арасындағы үнқатысу мүмкіндігі» жобасы шеңберінде келген болатын. Тараптар жүздесу барысында Бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам өкілдерінің тиімді жұмыс тәжірибелері туралы әңгімелесті. Бұдан бөлек, кездесуде сайлаушылардың түрлі топтарымен байланыстарды қолдау тетіктері талқы өзегіне айналды.

Соңғы жаңалықтар