Мәжіліс депутаттары локомотив құрастыру зауытында болды

СТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының депутаттары локомотив құрастыру зауытында болды. Онда халық қалаулылары зауыттың жұмысымен танысып, «Елдің үдетілген индустриялық-инновациялық дамытуын жүзеге асыру жолдары» атты тақырыпта арнайы отырыс өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асырылуы мен осы саладағы жаңа жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Аталмыш мәселеге байланысты еліміздің Индустрия және сауда, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің өкілдері арнайы баяндама жасап, Парламент депутаттары күн тәртібіндегі мәселеге қатысты ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Индустрия және сауда вице-министрі Нұрбек Раевтың сөзіне қарағанда, бүгін еліміздің басты құжаттарының бірі саналатын 2020 жылдарды қамтитын стратегиялық жоспарын 5 жылға бағытталған екі жоспар ретінде қарастырылып отыр. «Олардың бірі және негізгісі 2010-2014 жылдарды қамтитын үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама бірнеше салалық бағдарламалардан тұрады. Біз биылғы жылдың наурыз айының соңына дейін бұл бағдарламалар бойынша тиісті ұсыныстар дайындап оны үкіметке жолдаймыз. Бағдарламада көрсетілген тиімділік көрсеткіштерінің барлығы мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көрсетіледі. Бұл мемлекетіміздің негізгі құжаты болады», деді вице-министр.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама аясындағы мақсатты индикаторлар бойынша 2014 жылы еліміздегі ішкі жалпы өнім көлемі 2008 жылғы көрсеткіштен 50 пайызға көп болуы керек. Сонымен бірге қайта өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігі де 50 пайызға артуы тиіс. «Ал шикізаттық емес өнімдер экспорты 40 пайызға дейін жетіп, инновациялық кәсіпорындар саны қазіргіден 10 есеге артуы тиіс», деді Н.Раев.

Соңғы жаңалықтар