Мәжіліс депутаттары мен Әділет министрінің орынбасары ОҚО аудандарының жұртшылығымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 26 мамырда Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Әділет министрінің орынбасары Ж. Ешмағамбетов Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандары тұрғындарының сот актілерін орындау саласындағы проблемаларын тыңдады.
None
None

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан басқа, депутаттар мен Әділет министрлігінің өкілдері жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасының және аудандардағы жеке сот орындаушылар кеңсесінің қызметімен танысты. Осы сапар барысында жеке сот орындаушылар ЖСО институтындағы өтіп жатқан өзгерістер, өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті полиция қызметімен және прокуратурамен іс-қимылдар жүргізу амалдары туралы сұрақтарын келген қонақтарға қойды.

Мұнымен қатар, бүгін 2016 жылғы 27 мамырда ОҚО әкімдігінде «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамын іске асыру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті. Онда Мәжіліс депутаттары, ҚР Әділет министрінің орынбасары Ж. Ешмағамбетов, Сот актілерін орындау департаментінің директоры С. Сағдат, Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының төрағасы С. Ли, сондай-ақ, жиында жеке сот орындаушылармен тығыз қоян-қолтық жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қаржыгерлер қауымдастығы мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосты. Еске салар жай, көрсетілген қадаммен жеке сот орындаушылары институтының одан әрі дамуы және мемлекеттік сот орындаушылар қызметін кезең-кезеңмен қысқарту қарастырылған.

Аталған шараның басты мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы жеке сот орындаушылары қызметінің жағдайын зерделеу, бар проблемаларды айқындау және оларды бірлесіп шешудің бірыңғай жолын табу болып табылады.

Топтың зерделеу жұмысы әрі қарай 30-31 мамыр күндері Алматы облысында және Алматы қаласында жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар